Түндерден, тәтті үміт тербеген
Безгенмін. Беймезгіл елес кеп.
Белгісіз бақытқа шөлдеген,
Екеуміз бір арман емес пе ек?
қайырмасы:
Айдыным, ардағым, айбарлым
Сен болсаң мазалар қайдан мұң
Соққысың сездірмес майданның
Махаббатыннан мен айналдым
Жазылмас жараны жанға артып,
Бір арман, екі үміт – екі алау.
Сарғалдақ ғұмырды сандалтып,
Сағыныш алдайды екен-ау!
қайырмасы:
Айдыным, ардағым, айбарлым
Сен болсаң мазалар қайдан мұң
Соққысың сездірмес майданның
Махаббатыннан мен айналдым