1.АТАШЫМ-КЕУДЕСІНДЕ КҮНІ БАР ЖАН,
ОРНЫҢДЫ ТОЛТЫРА АЛМАС БАСҚА БІР ЖАН.
МАҢДАЙДАН СҮЙІП,ИІСКЕП,ЕРКЕЛЕТТІҢ АТА,
МЕН СЕНІҢ АҚ БОТАҢМЫН,ЕЙ,
МЕН СЕНІҢ АҚ БОТАҢМЫН ТІЛІ МАРЖАН.
2.АТАШЫМ-АСҚАР ТАУЫМ, ҮЛГІ АЛАРЫМ,
ӨЗІҢДІ ЕСІМЕ АЛСАМ, НҰРЛАНАМЫН.
САҒЫНЫШ ҚҰШАҒЫНДА БАЛА ШӨКСІП АТА,
САРҒАЙҒАН СУРЕТІҢЕ,ЕЙ,
САРҒАЙҒАН СУРЕТІҢЕ МЫҢ ҚАРАДЫМ.
3.АТАШЫМ БОТАМ ДЕГЕН СӨЗІҢ АРМАН,
ЕЛЖІРЕЙ ҚАРАЙ ТҰРҒАН КЕЗІҢ АРМАН.
КЕЛЕСІН ЕҢСЕМДІ ЖҮР БИІКТЕТІП АТА,
ҚИНАЛСАМ ШЫҒАРДАЙСЫН,ЕЙ,
ҚИНАЛСАМ ШЫҒАРДАЙСЫН ӨЗІҢ АЛДАН.