Роза Әлқожа, Өмірқұл Айниязов
Текст

Жырласа жастар жырласын

Роза Әлқожа, Өмірқұл Айниязов

Оцените песню: Голос вверх 52 Голос вниз 3

95%
5%
Самғай ұшқан көгімде, қырандарым-ай
Сөз өнері, тұмары, жыр ән бағың-ай
Оза шапсын тұлпарлар, бәйгені бермей
Асқақ болғай, ұлы Алаш, ұрандарың-ай
 
Қайырмасы:
Қырандай күшті, қанатты
Мағжан айтқандай талапты
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қазақтығ бағы, ерлері
Ертеңім, барым сен дедім
Жырыңмен елді емдерсің
Жаратқан өзі дем берсін
Алла деп бастап жыр басын
Елімнің мұңын мұңдасын
Тәуелсіздіктің құрдасы
Жырласа жастар жырласын
 
Ел бірлігі қашан да тілектерің-ай
Отаным деп соғатын жүректерің-ай
Өз жұртымның намысын қорғаушы батыр
Шын жүйрік бол ту ұстар түлектерім-ай
 
Қайырмасы:
Қырандай күшті, қанатты
Мағжан айтқандай талапты
Арыстандай айбатты
Жолбарыстай қайратты
Қазақтығ бағы, ерлері
Ертеңім, барым сен дедім
Жырыңмен елді емдерсің
Жаратқан өзі дем берсін
Алла деп бастап жыр басын
Елімнің мұңын мұңдасын
Тәуелсіздіктің құрдасы
Жырласа жастар жырласын