Роман Майғазиев
Текст

Автобустағы ару

Роман Майғазиев

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Ойларым менің тереңде
Автобус іші көлеңке тұрмын ойлана
Күлімдеп кіріп келгенде
Бір өзіңе көздерім қалды байлана
Жақында, жақында жаным-ау
Тартынба, тартынба таңым-ау
Арамызды санап көзіммен
Сөйлестім өз-өзімменен
 
Жылытқан жүрегімді, жанымды менің күнімсің, күнімсің,
Жаратқан сыйға тартқан нәп-нәзік менің гүлімсің, гүлімсің,
Бақ құсым-ау ұшып келдің айтшы маған қай жақтан, қай жақтан
Бар әлемнен іздеп сені шаршап едім бұл шақта, бұл шақта
 
Жоғалтып алма сен мені
Жүрегім көп болды ешкімге сенбеді
Сезімім менің сөнгелі
Көп уақыт үмітке алдамшы көнбеді
Жақында, жақында жаным-ау
Сүйкімді, сүйікті әнім-ау
Шыдатпай жанымды барасың
Тартынба, тартынба таңым-ау
 
Жылытқан жүрегімді, жанымды менің күнімсің, күнімсің,
Жаратқан сыйға тартқан нәп-нәзік менің гүлімсің, гүлімсің,
Бақ құсым-ау ұшып келдің айтшы маған қай жақтан, қай жақтан
Бар әлемнен іздеп сені шаршап едім бұл шақта, бұл шақта
 
Жылытқан жүрегімді, жанымды менің күнімсің, күнімсің,
Жаратқан сыйға тартқан нәп-нәзік менің гүлімсің, гүлімсің,
Бақ құсым-ау ұшып келдің айтшы маған қай жақтан, қай жақтан
Бар әлемнен іздеп сені шаршап едім бұл шақта, бұл шақта
 
Шекердей, шекердей, шекердей қылығы
Көзіңе өзіңнің қарап мен жылындым