Роман Майғазиев
Текст

Қауырсын көңіл

Роман Майғазиев

Оцените песню: Голос вверх 13 Голос вниз

100%
0%
Қауырсын көңіл құлады-ау көктен,
Құлады-ау көктен кім көрді?!
Уа, қандай қиын жыламау неткен,
Түксиген күйі түн де өлді.
 
Бозторғай болып шырылдап кетті-ау,
Шырылдап кетті-ау бұл кеуде.
Көмейде жетпей үнім қап кетті-ау,
Естілмей талай дүрлерге.
 
Жазықсыз жаным жем болып қалды-ау,
Жем болып қалды-ау қайтемін?!
Сабырсыз сезім сенделіп қалды-ау,
Құдіретің болса айт емін.
 
Аққудай арман сұңқылдап қалды-ау,
Сұңқылдап қалды-ау айдында.
Өмірдің жасы жылтылдап қалды-ау,
Жоқ əлде менің қайғым ба?!