Райым Уайыс
Текст

Жүрек қалауы

Райым Уайыс

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Махаббаттың көгілдір бір сағымындай
Ғашық жүрек сені іздеп сағынуда
Өзіңменен өткен күндер, жұлдызды түндер
Елестеп жаным көз алдымда ағылуда
 
Жүрегімнің қалауы алып ұшқан арманым да сен
Махаббаттың алауы сағым құшқан таңдарым да сен
Шырқалмайтын әнім де сен,
Айдай сұлу өзің күнім де сен
Мен аңсаған бағымбысын?
Айдындағы аққуымсын
 
Сені іздеумен сезім бағын аралаймын
Сары күзде сағым көшкен даладаймын
Құшағында тербетілген айдынындай бо(лы)п аққу арманың
Ән арнадым саған жаным