Райым Уайыс
Текст

Ауыл жаққа барамын

Райым Уайыс

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Қалада жүр бұзығың
Көріп өмір қызығын
Сол баяғы ерке ұлмын, ауылым
Арманым көп əлі де
Жетем деймін бəріне
Өзгермеді көзімдегі жалыным.
Таусылмайтын бір ісі
Шулы қала тынысы
Ұқсамайды саған мүлде, ауылым
Сендегі күн - сəулелі
Сендегі түн - əдемі
Мейірі көл өзіңдегі қауымның.
 
Қайырмасы:
Келемін жолда сағыныш кернеп
Артқа тастап қаланы
Өткенге нұрлы ойымды сермеп
Ауыл жаққа барамын... 2. Түлеп ұшқан жүз дарын
Қылықты бар қыздарың
Қасиетті мекен өзің, ауылым.
Таңды көзбен атырған
Бал сезімге батырған
Сенде өткен тəтті күнді сағындым.
Уақыт салып араға
Кездестірдім қалада
Бойжеткенді бір көрмеген ауылды.
Қалсам дағы ұнатып,
Жүрек маған тіл қатып
Ауыл қызын мен жарым деп таңдадым.
 
Таң қала берем өмірге мынау
Өзгертер бəрін,бəрін
Мендей өзге де сағынып жүр-ау
Ауылдың əсем əнін