Келші жаным, шам жағайық,
Шаңыраққа ортақ бір!
Сүйген жанға бар ма айып,
Жүрегіме жол таптың.
Келші жаным, шам жағайық,
Бақыт таңын қарсы алып.
Махаббатқа бөленейік,
Бар əлемге жар салып.
Қ-сы:
Маxаббаттан құмар қанса,
Сырласайық түн ауғанша!
Жаратқанға шүкір айтам,
Сен жайында бір ән қалса.
Шын бақытқа жетейік біз,
Жете алмаған сыңар қанша.
2. Келші жаным, шам жағайық,
Төгейікші бөлек сыр!
Өмір өтер, бəрі бекер,
Ал, сен сондай керексің!
Келші жаным, шам жағайық,
Шықсын барлық мұң — қайғы.
Қол ұстасып, бір болмасақ,
Бақыт баста тұрмайды.