Сен біреудің маңдайына жазылып
Мен алыста жүдек жүрмін сағынып
Саған деген таусылмайды сағыныш
Саған ғана арналады ақ үміт
Саған деген таусылмайды сағыныш
Саған ғана арналады ақ үміт
Ақ дидарың ай нұрына төселе
Ойымдасың бүгін, ертең, кеше де
Қорқынышым - созсам қолымды жете ме
Құлын жүрек қоласумен өте ме
Қорқынышым - созсам қолымды жете ме
Құлын жүрек қоласумен өте ме
Кеуде мұңды әндер шырқап жатамын
Өзің жайлы тұңғұйыққа батамын
Желідегі көңілдеген ботаның
Боздақ үнін қалай ғана басамын
Желідегі көңілдеген ботаның
Боздақ үнін қалай ғана басамын
Ақ дидарың ай нұрына төселе
Ойымдасың бүгін, ертең, кеше де
Қорқынышым - созсам қолымды жете ме
Құлын жүрек қоласумен өте ме
Қорқынышым - созсам қолымды жете ме
Құлын жүрек қоласумен өте ме
Ақ дидарың ай нұрына төселе
Ойымдасың бүгін, ертең, кеше де
Қорқынышым - созсам қолымды жете ме
Құлын жүрек қоласумен өте ме
Қорқынышым - созсам қолымды жете ме
Құлын жүрек қоласумен өте ме