Өзіңді неге қиялдаумен келемін
Неге ойлаймын біле алмадым себебін.
Күн көзің бар қарақат
Бір сезім бар алапат
Сағынбаймын бірақ іздей беремін.
Бәріне осы жүрек пе кінәлі?
Кінәлі жүрек түсінбей сұрады.
Ғашық боп құлап жүрген жан емеспін
Сүймеймін бірақ, көргім кеп тұрады.
Кейде мен өзіме сыймаймын
Қаласаң сезім де сыйлаймын
Жаның бір күн сағынар
Бағың бір күн табылар
Қызғанбаймын сені, бірақ қимаймын.
Сен құпия ғашығым
Бұл сезім ғой жасырын
Сені ғана көргім келді себебі…
Жұмбақ болып жолықтың
Кездесейік көріктім
Сені көрсем құшақтағым келеді
Бәріне осы жүрек қой кінәлі
Кінәлі жүрек сағынып сұрады
Ғашық боп құлап жүрген мен екенмін
Сүйемін жаным көргім кеп тұрады