Райым Уайыс
Текст

Әдемім менің

Райым Уайыс

Оцените песню: Голос вверх Голос вниз

Сол бір кеште ғажайып мен сені кезіктірдім
Жалындаған жанарыңнан бәрін сезіп тұрдым
Махаббаттың не екенін жаным сен ұқтырдың
Ғашық еткен аяулы елік құрбым
 
Қайырмасы:
Әдемім менің жан едің керім
Ал қызыл аяулап бал еріндерің
Сағынып салған ән едің арман
Арайлап ататын таң едің алдан
 
Көрген сәтте асылым сен күндей күлімдедің
Көңіліме көрік берген сәуле нұрын бердің
Жүрегімді неге сонша жаным тілімдедің
Жаралаған жанымды гүлім менің
 
Қайырмасы: 
Әдемім менің жан едің керім
Ал қызыл аяулап бал еріндерің
Сағынып салған ән едің арман
Арайлап ататын таң едің алдан