QARAKESEK
Текст

Рахмет

QARAKESEK

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз

100%
0%
Болып кеткенде, бұл әлем бір түрлі,
Санамды жегенде ойлар түр-түрлі.
Сөніп қалғанда үмітім,
Естідім бұлақтың сыңғырындай күлкіңді.
 
Көздерім куә болды саған,
Батып бара жатқанда түнекке санам.
Ауыстырып алғанда күн түнді.
Басты көтеруге, бергендей мүмкіндік.
 
Сені жолықтырды, менің бағыма,
Сен болдың жол, болашағыма.
 
Сен менің жүрегімнің түбіндегі жайдасың,
Тәңірім тағдырымды тағдырыңа байласын.
Рахмет қасымда болғаның үшін,
Рахмет, болғаның үшін күшім...
 
Кешірім сұрайм жаным, өкпелетіп алсам,
Кешірім сұрайм, уайымдарға салсам.
Нәзік жүрегіңді.
Рас мен түсіндім, сенен артығы жоқ,
Сенен артығын таппайм, сенен жүрегіме жақыны жоқ.
Мен сені сақтайм.
Сақтайм уәдемді, уәде сатылмайд,
Алда өмірім болса, сенсіз таңдарым атылмайд.
Сенің қасыңда болам, таусылғанша дем,
Тілегім бар, бізді қолдаса деген, жаратқан ием!
Бәрі жақсы болад, тек көз алдымда бол,
Екеумізге ашық, болашаққа жол.
Жүр бірге барайық,
Жүрегіңе мен ғана қарайын.
Жүрегіңде мен ғана болайын, қадағалайын.
 
Сен менің жүрегімнің түбіндегі жайдасың,
Тәңірім тағдырымды тағдырыңа байласын.
Рахмет қасымда болғаның үшін,
Рахмет, болғаның үшін күшім...