QARAKESEK
Текст

Мен Сенсиз

QARAKESEK

Оцените песню: Голос вверх 41 Голос вниз 1

98%
2%
Келемін жалғыз тоңып қасымнан сен кеткелі,
Танымай қалдым сені, айтпай қайғы жеткелі.
Өзгеріп кеттің, өзгеріп кетті, ия, барлығы,
Сезімді сыйдыра алмаған жүректің тарлығы.
«Амалым жоқ» деген жай сөзбен өтті уақыт,
Алдым жүректі жылатып, қолдан келмеді жұбату.
Қайда кеттің бәріне қойдым деп біржола нүктені,
Ашығын айтар болсам, дей алмайм мен сені күтпедім.
Күлетін едім, жаным, мына сенің жүзің күлсе,
Жоламас едім бұл сезімнің келер күзін білсем.
Ойланарсың, бәлкім, сен де сезіп білсең,
Аласың ба, мына менің күйімді саған берсе.
Не ойлайсың мен туралы, алтыным,
Мен ұққанмын махаббатты мына өзің арқылы.
Соншалықты сезімім қалып қойды артылып,
Тәтті еді бар қылығың, алғым келді жар қылып.
 
Жанарыңа қарауға бата алмайм,
Көздерің кетпейді менің жүрегіме қадалмай.
Жасыра алмайдым сені сүйетінімді, жүрек күйетінін де, жаным,
Сені сағындым, сені сағындым.
 
Есіңе алшы, ия, өмір – алма кезек,
Амалы бар ма десең, қайда дейді есеп.
Байқадың ба, жаным, қайғыны еселеп
Қайтарып жатыр өзіне, алмаймын десең де.
Ия, менің де бақытты болғым келеді,
Есімде, ақымақ, бақытты болдым деп едің.
Маған дым айтпа, ей, мен бәрін білемін,
Сені ұмыттым, қаншық, оған әлім келеді.
Жалғыз қалдырып кет, ия, маған қарама,
Сенсіз де, біліп қойшы, мен аяққа тұра алам.
Сен кімсің мені қайғыға батыратын,
Сен кімсің маған бақыратын?!
Қасымда бақытты қылатын мені жан бар,
Бұйыртса, онымен ататын мәңгі таң бар.
Сен дегенде денемде қараятын қан бар,
Сезімде саған деген тұтқындайтын заң бар.
 
Жанарыңа қарауға бата алмайм,
Көздерің кетпейді менің жүрегіме қадалмай.
Жасыра алмайдым сені сүйетінімді, жүрек күйетінін де, жаным,
Сені сағындым, сені сағындым.
 
Қайда кетіп қалдың бақыттың жолын көрсетіп,
Сол секілді қайта өзіңе жолды көрсетші.
Артыңнан барайын, сырттан бақылап қарайын,
Көрмесем болмайды, өршіп барады менде қара уайым.
 
Естеліктер тек сурет пен хаттарда ғана,
Еске түсесің таң атқанда, күн батқанда, жаным.
Кеш түсініп бәрін екеулеп жанардан жасымыз тамды.