Жолдарым түсініксіз, бақытты жолықтырмайм,
Не болса да, жүрегім мәңгілік соғып тұрмайды.
Сондықтан да, бәлкім, болашаққа тырыспайм,
Бұл өмірге басқаша қараймын, тағдырмен ұрыспайм.
Кешір, қиналған сәтте қасыңда болғаным үшін,
Кешір саған ұсынған бейшара қолдарым үшін.
Сені сүйгенім үшін, сыйлаған гүлдерім үшін,
Ойлаған түндерім үшін сен туралы, кешіріп қой.
Сөйлеме даусыңды қатты шығарып,
Сен – мен үшін жарасың қалып баратқан шрамы.
Жетпейді ары қарай саған менің шыдамым,
Сен секілді сенің жүрегіңнен мен де шығамын.
Кінәла мені, кінала өзіңді, басқасын қайтеміз,
Енді екі кемеміз қосады бізді, қайтеміз.
Сенің жүзіңді өтірік айтқасын қара басқан,
Жарайды, бақытты бол, маған хабарласпа.
Біз бірге болмадық,
Қол ұстасып біздер жүре алмадық.
Соның бәріне айыпты – жалғыз өзім,
Кешір, кешір.
Біз бірге болмадық,
Қол ұстасып біздер жүре алмадық.
Соның бәріне айыпты – жалғыз өзім,
Кешір.
Кешір мені, айыптымын, кінәлімін, ғайып болма,
Өткізілген әрбір күнге, өтінемін, айып қылма.
Адасқан жолдарымда саған жолды таба алмаппын,
Саған жүрген әр қадамды дұрысынан санамаппын.
Жолдарымыз қосылмайды, ары қарай алаңдама,
Шырағы сөніп барады, жүрегімді басып қара.
Сөнген сезімдердің бәрін қоя сал, таста,
Сезімге қойып нүктені, жаңадан баста.
Білемін, қателестім сені сүйген күндерімде,
Баруға тырыспадым, тырысқам жалғыз жүруге.
Кетемін өкпелетіп, өткен күнге көзді жұмып,
Тағдырды өзгертуге салынып тұр үлкен құлып.
Жолдарым шимайланған, жыртық парақтарға ұқсайды,
Кешір мені, бақытымыз бізді алдан тоспайды.
Тағдырымыз қоспайды, жылдар ағыстары бөлек,
Өзіңе тырыспаймын, қаламайды сені жүрек.
Біз бірге болмадық,
Қол ұстасып біздер жүре алмадық.
Соның бәріне айыпты – жалғыз өзім,
Кешір, кешір.
Біз бірге болмадық,
Қол ұстасып біздер жүре алмадық.
Соның бәріне айыпты – жалғыз өзім,
Кешір.