Саған қарай ұмтылам, бірақ алыстап барам,
Қош деу өте иқиын көздеріңе қарап.
Түнек басты төбеден, тарылды санам,
Уақыт екеумізге келгенде болды сараң.
Уақыт екеумізді лақтырып тастады, басқа жақтарға,
Уақыт күтпеген жерден тепті қапталдан.
Қарсы тұра алмадық , амалы қалмағасын,
Амалы қалсада, қолдана алмағасын.
Қолдан келмейді кешір, дымда өзгерте алмаймын,
Ұшып кеткен уақыттарымды, қуып жете алмаймын.
Кешір қарсы тұра алмаймын, тәңірдің қалауына,
Куә болмай-ақ қой, жастай құлауыма.
Қайырмасы:
Амалсыздан, кетіп барам, жыраққа...
Жауап болмасада, мыңдаған сұраққа...
Уақыт дым сұрамайды бізден,
Дым дым сұрамайд...
Бұл сынақ па? Қала бердім түсіне алмай...
Адамның бола бермейді екен ойлағаны,
Ол жаққа өтпейді екен арман қиялдары.
Бүгін бар, ертең жоқ бәрі,
Өмірдің заңы солай, ол бәріне мәлім.
Ұмытып қалма осы қағиданы,
Жиі келтіре бер тіліңді кәлимаға.
Рахмет жақсы адам сені жақсы көрем,
Рахмет уақыттар үшін мүлде бөлек.
Мүлде басқа, басқа уақыттарға ұқсамайтын жарқын тәтті...
Ұқсамайды...
Ұмытпаймын жүректесің, тілдегі тілектесім,
Тіледім сенің бақытты болғаныңды.
Ұмытпаймын жүректесің, тілдегі тілектесім,
Көтердім жоғарыға, жайып қолдарымды.
Аман қылшы оны, ол лайық жақсыға,
Ашшы оның жолын, бояшы жасылға (айналасын).
Жаз секілді жасыл, жаз секілді жылы,
Жарық қылшы ғұмырын, мейіріміңді пайдалансың.
Амалсыздан, кетіп барам, жыраққа...
Жауап болмасада, мыңдаған сұраққа...
Уақыт дым сұрамайды бізден,
Дым дым сұрамайд...
Бұл сынақ па? Қала бердім түсіне алмай...
Адамның бола бермейді екен ойлағаны,
Ол жаққа өтпейді екен арман қиялдары.