Үмітім-гүлім, гүл-гүлім,
Иран бақтағы бұлбұлым.
Он сегіз жылға татиды-ай,
Өзіңмен өткен бір күнім.
 
Үмітім-гүлім,қарағым,
От болып лаулап жанамын.
Алға да тартып барады-ай,
Санаулы сағат әр адым.
 
Үмітім-гүлім,арайлым,
Үмітпен саған қараймын.
Өзіңдей сұлу аруды,
Бақытқа ғана балаймын.
 
Үмітім-гүлім,сүйіктім,
Мен сені құлай сүйіппін.
Қолымда, сірә жетпейді-ай,
Басында тұрсың биіктің.

Другие песни от Нұржан Төлендиев