Нұржан Төлендиев
Текст

Еламан

Нұржан Төлендиев

Оцените песню: Голос вверх 51 Голос вниз 3

94%
6%
Сыннан өтіп біз неше
Күнге жеттік ойдағы
Елдің үлкені іздесе
Ол тыныштық айғағы
 
Шүкір айтып бәріне
Ел жүрегі туласын
Қосылыңдар әніме
Қазақты әлем тыңдасын
 
Қайырмасы:
Анаң анаң ел анаң
Ұланғайыр жер анаң
Тәңірімнен сұранам
Қазағым бол сен аман
Анаң анаң ел анаң
Елді сүйген еламан
Анада жоқ мұңайған
Балада жоқ жылаған
 
Бабалардың арманы
Балалардың шаттығы
Желбіресін қолдағы
Қазағымның көк туы
Шын бақытқа бөленіп
Баба салтын бағалап
Тектілікпен тереңдік
Ұрпақтарға аманат
 
Қайырмасы:
Анаң анаң ел анаң
Ұланғайыр жер анаң
Тәңірімнен сұранам
Қазағым бол сен аман
Анаң анаң ел анаң
Елді сүйген еламан
Анада жоқ мұңайған
Балада жоқ жылаған

Другие песни от Нұржан Төлендиев