Біз жолыққанда бұл уақыт тоқтамай өткен
Біз қоштасқанда сағатым соқпады көптен
Жүрегің қалай мені айтшы жоқтамай кеткен
Көзімде менің үзілмес үміт тұрады
Жанардан басқа сол күйді кім ұқтырады
Бір күні бәрін уақыт та ұмыттырады
Ұмытпа, ұмытпа, ұмытпа
Ұмытпа, өтінем ұмытпа
Аяса мезгіл бақытсыз бізді бақылап
Шыңдайды тағдыр жанымды жүз жылатып ап
Күдерін үзсе құлайды күзгі жапырақ
Құстар қайтқанда мен күтіп елеңдеуші едім
Құстармен бірге бақ боп келем деуші едің
Жылдармен жылжып қалайша көнерген сезім
Ғашықтың мәңгі бірге үміт арманы
Сен ұмытпашы күнім ұмытар бәрі