Нұрым Қуаныш
Текст

Әдемі ана

Нұрым Қуаныш

Оцените песню: Голос вверх 63 Голос вниз 6

91%
9%
Арнаған ұйқысыз әр түнін маған
Тағдырдың сездірмей салқынын маған
Мен үшін өмірде бәрінен қымбат
Байлығым, байлығым алтыным анам
Көзінде мейірім әлемі дара
Ақылшы тірегім жан едің дана
Мінезі мақтадай жұп-жұмсақ шіркін
Менде бар, менде бар әдемі ана
 
Анама ғұмыр берсін деп
Алладан күнде тіледім
Қызықтың бәрін көрсе деп
Армандайды бұл жүрегім
 
Байлығым анам, шырағым анам
Асылым анам, шуағым анам
Жазыла берер жыр әнім анам
Бәрінен күшті Жұмағым анам
 
Анама ғұмыр берсін деп
Алладан күнде тіледім
Қайғы көрмей аман жүрсін деп
Армандайды бұл жүрегім