Ботам бөбегім бүлдіршінімсің,
Жарған кеудемде гүл бүршігімсің.
Еркем, жалғасы өмір жырымның,
Ертең шертілер,мың бір сырымсың.
 
Өзіңмен жайнап кемелденемін,
Қосар бәйгеге өнерлеп елің.
Сыңғырлап күлген сәби кезіңнің,
Ізін ботам-ау сеннен көремін.
Бағым балапанымсың,атқан дара таңымсың.
Созса қол жетпес заңғар,асқар Алатауымсың
 
Мақтан тұтатын, Мұрагерімсің,
Топтан озатын, Құлагерімсің.
Тап-таза жаны мөлдір бұлақтай,
Мақтаса тұрар бұла керімсің.
 
Жадыра жаным,жасқанбағайсың,
Таң болып күнім,ашқан дара айсың.
Басқалар үшін болсаңда оңай,
Мен үшін жұлдыз аспандағы айсың. -