Нұрлан Өнербаев
Текст

Сәулем-ай

Нұрлан Өнербаев

Оцените песню: Голос вверх 273 Голос вниз 18

94%
6%
Аяғыма кигенім былғар етік сәулем-ай
Табанымнан барады ызғар өтіп сәулем-ай
Жақсы болсаң келерсің судан өтіп сәулем-ай
Жаман болсаң қаларсың суға кетіп сәулем-ай
 
Қайырмасы:
А-хоу
Сәулем, сәулем, сәулемсің
Басымдағы дәуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің
 
Ағынында алманың көгі жақсы сәулем-ай
Барынында жаманның жоғы жақсы сәулем-ай
Бір сөз айтсаң жаманға теріс қарар сәулем-ай
Қорғасындай балқыған қайран жақсым сәулем-ай
 
Қайырмасы:
А-хоу
Сәулем, сәулем, сәулемсің
Басымдағы дәуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің
 
Сенде сері сәулем-ай, менде сері сәулем-ай
Шын сүймесең көңілімді бермес едім сәулем-ай
Томағасын алдырған лашындаймын сәулем-ай
Сен болмасаң бұл жерге келмес едім сәулем-ай
 
Қайырмасы:
А-хоу
Сәулем, сәулем, сәулемсің
Басымдағы дәуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің
Жақсы болсаң сәулемсің
Жаман болсаң әуремсің