Нұр-Мұқасан
Текст

Құдаша қыз

Нұр-Мұқасан

Оцените песню: Голос вверх 21 Голос вниз 2

91%
9%
Көңілге құдаша қыз қарасаңыз
Өмірге жанымызбен жарасамыз
Тойларды тамашалап жүрміз талай
Болады біздің қашан тамашамыз? 2
 
Қайырмасы:
Ей, игәй, игәй... құдаша қыз
Болады біздің қашан тамашамыз? 2
 
Ақтарып не қылайын текке бәрін
Жандырды жүрегімді от жанарың
Амалсыз қимастықпен қоштасарда
Құдаша неге сонша көп қарадың 2
 
Қайырмасы.
 
Жолықсақ жағдай ғана сұрасамыз
Қашан біз сыр ашамыз, қыр асамыз
Ақ қана көңіліңмен көкке мені
Көтеріп кете бардың құдаша қыз 2
 
Қайырмасы.
 
Қолымды жеткізгендей айға бүгін
Біз енді жолығамыз қайдан гүлім
Кездеспей кетсек егер бұдан кейін
Әрдайым өз бағыңда жайна гүлім 2