Көгiлдiр көлден не пайда
Жағасы жайсыз жар болса
Суы ашық балығы аз
Жиегі тайыз тар болса
___
Көк аспаннан не пайда
Көгiнде күн күлмесе
Қыздар жиған мақтадай
Ақша бұлттар жүрмесе
Биік таудан не пайда
Шыңында ақтар жатпаса
Сылдырап аққан тау суын
Сүйсініп балдай татпаса
___
Шайқалған балдан не пайда
Жемiсiн жазда татпаса
Шаршап бiр келiп жұмыстан
Саясында жатпасаң
Жарық күннен не пайда
Үйіңде таңың атпаса
Бұл өмiрде қызық не
Бұзығын шулап жатпаса
___
Байлықты жиған не пайда
Артыңда ұрпақ қалмаса
Түн ұйқыңды бөлгізген
Сәбиден қолың талмаса
Ер жiгiттен не пайда
Қолына қару алмаса
Елiн жарын туғанын
Дұшпаннан сақтап қалмаса
___
Аталы ұлдан не пайда
Баталы сөздi ұқпаса
Арақ iшiп мас болып
Үлкенді үлгi тұтпаса
Бір туғаннан не пайда
Бірлігі оның болмаса
Ыстыққа бірге жылынып
Суыққа бірге тон басып
Ағайыннан не пайда
Көре алмай сенi күндесе
Фәнидің жалған екенiн
Тiрлiкте ойлап бiлмесе
Сансыз достан не пайда
Жаныңды сенiң сезбесе
Шындықты бiрге іздесіп
Қиындыққа төзбесе
___
Жастық шақтан не пайда
Жалындап бір жанбаса
Айлы түнде қыдырып
Махаббатқа қанбаса
Кәрiлiктен не пайда
Қартайып қызық көрмесе
Асырап баққан ұл-қызың
Қарызыңды өтеп бермесе
___
Сұлу қыздан не пайда
Ресторан жанын торласа
Доллар ушiн әркіммен
Ар намысын қорласа
Сулу жардан не пайда
Тiрлiкпен iсi болмаса
Iздеп бiр досың келгенде
Иiлiп тосек салмаса
___
Көп бiлгенен не пайда
Пайдасыз iште сақтасаң
Жастарды жиіп қасыңа
Бiлгенiңді айтпасаң
Мен бақылдан не пайда
Тыңдайтын жан болмаса
Бiлiмдiден шыққан сөз
Жүрекке барып қонбаса
Ойыңды жинап келгенде
Айтарым саған азамат
Мұратыңа жетепесең
Жамандыққа беттесең
Ақыл айтқан адамға
Өзім білем кет десең
Бұл өмірден не пайда
Халкыңа қызмет етпесең
Бұл фәниден не пайда
Бұл жалғаннан не пайда
Халқыңа қызмет етпесең