Мен сені 100% жақсы көремін
Жүректің сөзіне сенбейсің бе
Бойыңа еркіндік бермейсің бе
Өзіңді Қорланнан да артық сана
Мені əлде Естайдан да кем дейсің бе
Баспайын сынаққа бекер қадам
Сүймеген əлемді етер қадам
100% сезімің болмаса да
1% сенімің жетер маған
Мен сені 100% жақсы көремін
Қалайша жаныма қарсы келем
Тарихта қалса да қанша ғашық
Сен мендік тарих болып қалшы дер ем
Сезімді тек шыңға апарайық
Өзгенің есімін атамайық
Төлеген - Қыз Жібек болмасақ та
Қосылған қос ғашық атанайық
Болдың-ау сөзіме сенетіндей
Мен неге əлемге енетіндей
1% сенімің болса болды
100% күдікті жеңетіндей
Мен сені 100% жақсы көремін
Қалайша жаныма қарсы келем
Тарихта қалса да қанша ғашық
Сен мендік тарих болып қалшы дер ем!!!