Кезімде жалындаған
Кездестің жаным маған
Ғашық боп қалдым сонда
Жалғыз саған
Мөлдіреп көзің қара
Алаулап сезім жаңа
Оятқан махаббатты өзің ғана
Қайырмасы:
Сен менің жас жанымнан
Жарқырап аспанымнан
Жұлдыздай жанып тұрдың
Жүрегім сені аңсаған
Сағынып келем саған
Қалауым сен болған соң
Жаным-ау көнем соған
Сүйем деп ақ таңдарда
Сырымды ақтарғанда
Куə боп тұрды бізге бақтар ғана
Сен күлсең арайлана
Гүлденген бар айнала
Өзіңсіз өмір кешем қалай ғана
Қайырмасы:
Сен менің жас жанымнан
Жарқырап аспанымнан
Жұлдыздай жанып тұрдың
Жүрегім сені аңсаған
Сағынып келем саған
Қалауым сен болған соң
Жаным-ау көнем соған