Мөлдір Әуелбекова
Текст

Сен

Мөлдір Әуелбекова

Оцените песню: Голос вверх 12 Голос вниз 2

86%
14%
Сен — армансың, жүрегімде бүр жарған,
Сен — армансың, жанарымда нұрланған.
Алып ұшқан, ақ жүрегім адасып,
Сағыныштан сарғаяды бұл жалған.
Суық көзде мұң басады еңсемді
Үмітті үзбей, сағынышым келші енді.
 
Қайырмасы:
Сен… Сен… Сыңары жан жүректің.
Ардағым ең, сағына күткен,
Арманым ең, бағыма біткен.
 
2.Сен — армансың, қиялыма жасырған,
Сен — сезімсің, тамырымда тасынған.
Сенің әнің, сенің жаның тұп — тұнық,
Жаралғандай менің мөлдір жасымнан.
Тектім болды, бара жатыр мендік мұң
Сертің беріп, «сүйем» десең сендікпін.
 
Қайырмасы:
Сен… Сен… Сыңары жан жүректің.
Ардағым ең, сағына күткен,
Арманым ең, бағыма біткен…
 
Сен… Сен… Сыңары жан жүректің,
Сен… Сен… Жылуы таңғы лептің.
Ардағым ең, сағына күткен,
Арманым ең, бағыма біткен...