Ақ көйлек, қызыл бешпент әдемі қыз,
Тиген жоқ әлі ешкімге, әдемі-ау, әлегіміз.
Бірге өскен кішкентайдан құрбым едің,
Өзіңнен әлі күнге, әдемі-ау, дәмеліміз.
Қайырмасы:
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, бармысың.
Дариға, мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.
Ақ көйлек, қара қамзол белін буған,
Жан едің қатарыңнан, әдемі-ау, артық туған.
Мен саған ғашықтықтан сөз айтамын,
Ар жағын өзің шешіп, әдемі-ау, өзің ойлан.
Қайырмасы:
Сәулелі алтын айымсың,
Бақытым сенсің, бармысың.
Дариға, мынау жалғанда,
Таңдап бір сүйген жарымсың.
-