Мөлдір Әуелбекова
Текст

Бұл өмір

Мөлдір Әуелбекова

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Неге есейдім, нені білдім
Ес жинадым кейде сындым
Жан ауырса сездірмедім
Жылап тұрып кейде күлдім
Мың іріліп, мың өлемін
Арпалысып-ақ келемін
Күте бермей іздеп шығып
Бақытымның ақ кемесін
 
Біреу мені түсінеді
Біреу көріп күрсінеді
Біреу сені биіктетсе
Біреу келіп түсіреді
Мың бұралаң тағдырымның
Кітабына бір қарадым
Әр күн сайын өртенеді
Өмірімнің бір парағы
 
Қуанасың, өкінесің
Жақсылық жоқ жан қысылмай
Өмір кейде көрінесің
От пен мұздың тартысындай
Ойлар ұшып дала кезген
Жапырақтай қурар лезде
Біз ойлаған бақыт құсы
Басқаша еді бала кезде