Мөлдір Әуелбекова
Текст

Бақытың сені тосады

Мөлдір Әуелбекова

Оцените песню: Голос вверх 21 Голос вниз 1

95%
5%
Екі елдің қосып арасын
Біздерден кетіп барасың
Өз үйіңде сен өссеңде
Өзгенің бағын жағасың
 
Ақ жолын жалғап анаңның
Əкенің ақтап арманын
Көрмеші барған жеріңде
Өмірдің ауыр салмағын
 
Аттадың жаңа-ай босаға
Босама енді-ей босама
Алдыңнан жарқын күн туып
Бақытың сені-ей тосады-ай
 
Аттадың жаңа-ай босаға
Босама енді-ей босама
Алдыңнан жарқын күн туып
Бақытың сені-ей тосады-ай
 
Гүліндей нәзік көктемнің
Еркесі едің текті елдің
Арқасы ата-анаңның
Осы бір күнге жеткенің
 
Түсірме сызат арыңа
Жақсыны сақта жаныңда
Бақытты болшы мәңгілік
Тапсырдық сені жарыңа
 
Аттадың жаңа-ай босаға
Босама енді-ей босама
Алдыңнан жарқын күн туып
Бақытың сені-ей тосады-ай
 
Аттадың жаңа-ай босаға
Босама енді-ей босама
Алдыңнан жарқын күн туып
Бақытың сені-ей тосады-ай
 
Аттадың жаңа босаға
Босама енді-ей босама
Алдыңнан жарқын күн туып
Бақытың сені-ей тосады-ай
 
Алдыңнан жарқын күн туып
Бақытың сені-ей тосады-ай