Айналайын жаным қайда жүрсің
Жүрсең де сен қайда ойда жүрсің
Сағындым ғой сені көрмегелі
Құралайдай көрікті ардағымсың
Жүрсең де сен қайда барсам деймін
Тілегімді қабыл алсам деймін
Бұдан артық төзім жетер емес
Құшап тұрам өзіңді әніме салсам деймін
қайырмасы:
Арманым да сенсің
Ардағым да сен
Бір өзіңді таңдадым
Саңлағым да сен
Таңдарымда сенсің
Жан-жарымда сен
Бұл әнімді арнадым мен
Көктемдегі күндей елжіредің
Бөктердегі гүлдей желбіредің
Саған қарап жаным нұрға толды
Жанардағы бір тамшы моншақтай мөлдіреді
қайырмасы:
Арманым да сенсің
Ардағым да сен
Бір өзіңді таңдадым
Саңлағым да сен
Таңдарымда сенсің
Жан-жарымда сен
Бұл әнімді арнадым мен