Мархаба Саби
Текст

Inside

Мархаба Саби

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Іштегі құса ән боп төгіл
Ән болып шыға алсаң болар жеңіл
Ашу-ыза емес ән бол
Күйімді қылып тәуір
 
Көрсем де әділетсіздік небір
Қалса да сан неше мәрте көңіл
Былғаныш-былықтың бірін
Жұқтырмаймын бәрібір!
 
Арыл сана, сана арыл
Сейіл дауыл, тауып дамыл
Арыл сана, арыл
Ауыр күйден оңал
Жауыр ойдан жазыл!
 
Inside
Ән сал
Бір сәт
Боса
 
Іштегі құса ән боп төгіл
Әннен артық не бар жазар көңіл?
Ашу-ыза емес ән бол
Күйімді қылып тәуір
 
Шыда жаным, сәл болса да кідір
Қынжылтқан қыстан соң қисық-қыңыр
Соншама зарыға күткен
Әйтеуір келер сәуір!
 
Арыл сана, сана арыл
Сейіл дауыл, тауып дамыл
Арыл сана, арыл
Ауыр күйден оңал
Жауыр ойдан жазыл!
 
Inside
Ән сал
Бір сәт
Боса