Мархаба Саби
Текст

Осылай

Мархаба Саби

Оцените песню: Голос вверх 58 Голос вниз 1

98%
2%
 
 
Анда барып соғылып,
Мында келіп жығылып,
Сабақ алмай жүрміз ғой әлі.
Білмегенді сұрамаймыз,
Айтса тағы тыңдамаймыз,
Осы біздер қандай адамбыз?
 
Мақтағанға желігіп,
Сынағаннан жерініп,
Жақсы,жаман айыра алмаймыз.
Уақытынан кешігеміз,
Той тойлаймыз есіреміз,
Жағдай болсын болмасын мейлі!
 
Осылай
күндер өтіп, түндер өтіп барады
Осылай
айлар өтіп, жылдар өтіп барады.
 
Алданбасқа алданып,
Құр уәдеге малданып,
Осы біздер қандай аңқаумыз?
Бәрін тегін берсе дейміз,
Өз-өзімен келсе дейміз,
Осы біздер сірә жалқаумыз?!
Ішінде оның менде бар,
Менде бар да, сенде бар,
Оны мойындаған жөн болар.
Енді, Уақыт келді талпынайық,
Өзгерейік, ұмтылайық,
Бәрі, бәрі өз қолымызда!!!
 
Осылай
күндер өтіп, түндер өтіп барады
Осылай
айлар өтіп, жылдар өтіп барады.