Мәлік Жамбылұлы
Текст

Өкпені қоя тұршы

Мәлік Жамбылұлы

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Ақ көңіліңмен,
Қала ғой, жаным, тәтті өміріңмен, бар!
Салқындау қала.
Салқын да салқын, салқын жан.
Зарыққан күні,
Сен мені шақыр қорыққан түні, әр,
Тәлтіректедім тағдыр алдында, мен, күнім!
 
Қоя тұршы,
Қоя да тұршы,
Әзір өкпені.
Сүйеу болмай,
Сүйкімсіз болдым,
Кетпе жек көріп.
Саған жазбай,
Жаза алмай жүрген,
Көп хат жетпеді...
Қоя тұршы,
Қоя да тұршы,
Қазір өкпені.
 
Жат емес едім,
Жат көріп лезде қателескенің не,
Келемеждеп күл.
Әлсіз де мейлің! Мейлің кел!
Бәрібір дедің,
Соншалық қатты сағынып едім, мен,
Қатыгезденбе, бұлай қатайма, сен, күнім.
 
Қоя тұршы,
Қоя да тұршы,
Әзір өкпені.
Тағдыр қоспай,
Жолдар жараспай,
Қалдым шеткері.
Саған қиын,
Бәрі, ал оңай,
Маған деп пе едің?!
Қоя тұршы,
Қоя да тұршы,
Қазір өкпені.
 
Қоя тұршы,
Қоя да тұршы,
Әзір өкпені.
Тағдыр қоспай,
Жолдар жараспай,
Қалдым шеткері.
Саған қиын,
Бәрі, ал оңай,
Маған деп пе едің?!
Қоя тұршы,
Қоя да тұршы,
Қазір өкпені.