Мәлік Жамбылұлы
Текст

Сезімнен не пайда

Мәлік Жамбылұлы

Оцените песню: Голос вверх 29 Голос вниз

100%
0%
Жете алмай кеттім,
Мұратты айдынға.
Құшаққа қысып,
Жұбатпаймын да.
Айтшы әлде, гүлім,
Менен де басқа,
Сері жігітке ұнап қойдың ба?!
 
Сонымен бақыт,
Құрап қойдың ба?!
Мұң-саяжайға,
Тұрақтаймын ба?!
Айтшы сен, күнім,
Ешқашан да ол,
Ешқашанда ол жылатпайды ма?!
 
[Қайырмасы]
 
Не пайда сезім,
Не пайда бар сенен,
Оныменен бірге жүрмесем.
Не пайда сезім,
Не пайда бар сенен,
Оныменен бірге күлмесем
 
Не пайда сезім,
Не пайда бар сенен,
Айтшы өзің, емші уақыт па?!
Не пайда сезім,
Не пайда бар сенен,
Жеткізбедің сол бір бақытқа.
 
Бермейсің бір сәт,
Жаныма тыным.
Зарыға күтіп,
Жалығатынын.
Сезбейсің неге,
Сені бір жанның,
Өлердей аңсап, сағынатынын.
 
Күрсініп, мұңға.
Малынатынын.
Зарыға күтіп,
Жалығатынын.
Сезбейсің неге,
Сені бір жанның,
Өлердей аңсап, сағынатынын