Мәдина Сәдуақасова
Текст

Үнсіздік

Мәдина Сәдуақасова

Оцените песню: Голос вверх 9 Голос вниз

100%
0%
Кеше ғана достасып,
Кеше ғана қоштасып.
Екі жақта жүр ме екен?
Елегізіп қош ғашық?
 
Емес ең ғой ақылсыз,
Алыссыз һəм жақынсыз...
Дауысымды естімей,
Қалай шыдап, қалай шыдап жатырсыз?!
 
Деген сұрақ "Кім сіздік?",
Қойды-ау мені тілсіз ғып.
Қашан, қашан бітеді?
Арадағы үнсіздік...
Қашан, қашан бітеді?
Арадағы үнсіздік...
 
Күн де мынау құбылып,
Салқындықты тұр ұғып...
Суып бара жатыр ғой,
Арадағы жылылық.
 
Сіз мен жаққа елеңдеп,
Мен сіз жаққа елеңдеп.
Жанарымда сағыныш,
Мөлтілдейді, мөлтілдейді өлең боп.
 
Деген сұрақ "Кім сіздік?",
Қойды-ау мені тілсіз ғып.
Қашан, қашан бітеді?
Арадағы үнсіздік...
Қашан, қашан бітеді?
Арадағы үнсіздік...
 
Деген сұрақ "Кім сіздік?",
Қойды-ау мені тілсіз ғып.
Қашан, қашан бітеді?
Арадағы үнсіздік...
Қашан, қашан бітеді?
Арадағы үнсіздік...