Мәдина Сәдуақасова
Текст

Жаңа жыл

Мәдина Сәдуақасова

Оцените песню: Голос вверх 554 Голос вниз 25

96%
4%
Ақ сезімдей ақ ұлпа жалында
Ақ шағала қонады қолыма
Көптен күткен мереке сағынып
Келді міне жаңа жыл тағы да, тағы да
 
Қайырмасы:
Жаңа жылдың жарқырасын шамдары
Жаңа өмірдің жадырасын жандары
Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа өмірде
Орындалсын әрбір жанның бар арманы
 
Аралайды даланы, қаланы
Әппақ қырау өрнегін салады
Қоңыраудың сыңғырлы үнімен
Тереземді жаңа жыл қағады қағады
 
Қайырмасы:
Жаңа жылдың жарқырасын шамдары
Жаңа өмірдің жадырасын жандары
Жаңа жыл, жаңа күн, жаңа өмірде
Орындалсын әрбір жанның бар арманы