Мәдина Сәдуақасова
Текст

Наурыз

Мәдина Сәдуақасова

Оцените песню: Голос вверх 49 Голос вниз 3

94%
6%
Көктем келіп көңіл көркем етті
Жылуымен жанды еркелетіп
Көптен күткен күнде келіп жетті ортамызға
Күлімдеген мынау күннің нұры
Куә болып мейрамға бүгінгі
Келіп жетті бақыт сыйлап міне баршамызға
 
 
[Қайырмасы]
Тамаша думан
Келді көктем жарқырап
Қуанышқа толтыра
Жайнатып әлемді
Көбейсін жыр ән
Толсын көңіл шаттыққа
Бөленейік бақытқа
Бұл тілегіміз
 
 
Жаңа өмір, жаңа күн бастауын
Нұрға бөлеп жер мен көк аспанын
Мерекелеп мәңгі жыр дастаны басталады
Қуанышты көңіл-күй әр үйде
Жақсы тілек айтылып бар елде
Осы күнді барша Қазақ елі қарсы алады
 
 
[Қайырмасы]
Тамаша думан
Келді көктем жарқырап
Қуанышқа толтыра
Жайнатып әлемді
Көбейсін жыр ән
Толсын көңіл шаттыққа
Бөленейік бақытқа
Бұл тілегіміз
 
 
[Қайырмасы]
Тамаша думан
Келді көктем жарқырап
Қуанышқа толтыра
Жайнатып әлемді
Көбейсін жыр ән
Толсын көңіл шаттыққа
Бөленейік бақытқа
Бұл тілегіміз -