Аңсаған бақытым сияқтанып,
Ай туып келеді қияқтанып.
[Жол жаққа қараймын,
Сен жоқсың арайлым.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.] (2х)
Қайтемін кіналап бұған сені,
Сағатың алдаған шығар сені.
[Нұр ойнап көзіңде,
Уәделі кезіңде.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.] (2х)
Көшеде сырласып, шалқып басып,
Құрбылар барады қолтықтасып.
[Тағатым таусылды,
Аңсадым даусыңды.
Кешікпей келем деп ең,
Мен тұрмын елеңдеумен.] (2х)