Күндеріме нұрлы
Самал есіп мұңды
Көңілімнің гүлі
Дір еткендей
Сезімдердің бәрін
Қайта жазды жаным
Жұбатсын деп әнім
Жүректерді.
[Қайырмасы:]
Əнім бұл қалықтасын бүгінде
Талмай қанаты
Жүректер жалықпасын күтуден
Бақыт сағатын
Түсім менен өңім
Адастырған болып
Өмірімнің жолы
Тарылғанда,
Тербеткенде мені
Сағыныштың демі
Жан-дертімнің емі
Əнім ғана
[Қайырмасы:]
Əнім бұл қалықтасын бүгінде
Талмай қанаты
Жүректер жалықпасын күтуден
Бақыт сағатын
Әнi: Iлияс Байбосынов
Сөзi: Назерке Семей
-