Лашын Мұратқызы
Текст

Қайтар маған

Лашын Мұратқызы

Оцените песню: Голос вверх 1497 Голос вниз 40

97%
3%
Аралайын өткенімнің гүл бағын
Гүл бағыма сенде бірге жүр жаным
Өзімді емес сезімімді тыңдасам
Жүрегімнің табармекем жұмбағын
 
Жылдар жылдар қайтар маған
Бақытымды байқалмаған
Сезімімді айталмаған
Ол күндерден неге өкініш қалды мұң
Күндер күндер қайтарыңдар
Өткеніме айтарым бар
Сол сәттердің бағалайын әр күнін
Қайтар маған өткенімді
Ұмытайын өкпе мұңды
Өкініштің өшірейін барлығын
 
Кезіп кейде өткенімнің елесін
Елесіме сенде келіп енесің
Қайтар едім сол күндерге қайтадан
Бұрып алып тағдырымның кемесін
 
Жылдар жылдар қайтар маған
Бақытымды байқалмаған
Сезімімді айталмаған
Ол күндерден неге өкініш қалды мұң
Күндер күндер қайтарыңдар
Өткеніме айтарым бар
Сол сәттердің бағалайын әр күнін
Қайтар маған өткенімді
Ұмытайын өкпе мұңды
Өкініштің өшірейін барлығын
 
Жылдар жылдар қайтар маған
Бақытымды байқалмаған
Сезімімді айталмаған
Ол күндерден неге өкініш қалды мұң
Күндер күндер қайтарыңдар
Өткеніме айтарым бар
Сол сәттердің бағалайын әр күнін
Қайтар маған өткенімді
Ұмытайын өкпе мұңды
Өкініштің өшірейін барлығын