Құрмаш Маханов
Текст

Әке-ана

Құрмаш Маханов

Оцените песню: Голос вверх 46 Голос вниз 1

98%
2%
Әке саған жететұғын бар ма адам
Періштенің пәктігіндей пейілін
Ана саған қараймын да таң қалам
Бұл не деген сарқылмайтын мейірім
 
Әке сенің тіреуінді сезініп
Әрдайым мен кеңге салдым арқамды
Ана сенің тілеуінмен көз іліп
Бақытты боп атырамын әр таңды
 
Әке сенен үйренгенім көп менің
Үйренерім тіпті де көп тым әлі
Ана сенен алған шуақ көктемін
Омырама сәуле шашып тұрады
 
Әке сенде жақсылықтың бәрі бар
Бала күннен ойда қалып жатталып
Ана сенде аққу құстың ары бар
Қауырсындай үлбіреген ақ мамық
 
Әке-ана бағын ойлар баланың
Жаннан артық жақындарым менің
Жадыратар жүрегімнің жанарын
Жарқыратар көңілімнің әйнегін
 
Сендер барда бар қуаныш бар күтім
Жаннан артық жарықтарым-ай менің
Сендер барда бес қаруым бар бүтін
Сендер барда төрт құбылам тең менің
 
Жүрегімде тұрасындар дүрсілдеп
Әділетке патша менен патшайым
Бақытым деп сендер аман жүрсің деп
Тәңіріме тілек айтам сәт сайын
 
Білем біздің есендік қой сендердің
Тілектерін Жаратқаннан сұраған
Шаттық әнің шырқар әр шеңбер күн
Біз ендіше  жүрейікші дің аман -