Жарқыраған үнемі үміт оты,
Күнімді жалғайсың.
Сән көркіңді көргенде елжіретіп,
Баурап мені алғайсың.
Қадірлім, нұр ойнаған дидарыңнан
Еріксіз таңғалдырған,
Сабыр салған, мінезіңнен...
Шыдам шексіз сезімнен.
Қайырмасы:
Аяулым, айқын бейне таңым-ай,
Ақмаңдай арманым, айдындай.
Аяулым, айқын бейне таңым-ай,
Ақмаңдай арманым, айдындай.
Көздеріңнен дүние сырлар ұғамын,
Өзіңмен жүрегім.
Күн бейнеңді көкірегімде құшамын,
Сені ойлап жүремін.
Ажырамай айбарлым, ажарыңнан,
Сағынамын айдарлым,
Сабыр салған мінезіңнен
Шыдам шексіз сезімнен.
Қайырмасы:
Аяулым, айқын бейне таңым-ай,
Ақмаңдай арманым, айдындай.
Аяулым, айқын бейне таңым-ай,
Ақмаңдай арманым, айдындай.
Аяулым, айқын бейне таңым-ай,
Ақмаңдай арманым, айдындай.
Аяулым, айқын бейне таңым-ай,
Ақмаңдай арманым, айдындай.