Мен түсімде сізді көрдім апашым
Құлыным деп құшақтап тіл қатасын
Арттындағы үмітінді ұл-қызға
Тарттындағы өмірдің көп жапасын
Кете бардың арамыздан аттанып
Бала сәби жүрегінде дақ қалып
Мен есейдім, есеймедім бірақта
Мұңлы жалдар парақтарын ақтарып
Қайырмасы:
Еркең едім етегіне оралған
Желкен едім толқындарға жол алған
Ұл қызынның ортасында отырар
Өзің өзің жоқсын апа сол арман
Апа дедім тілім шыққан кезде мен
Жасын үлкен болмасада өзгеден
Көрген шақта өзі ме деп қаламын
Аналарды ауылдағы көз көрген
Күз желімен жапырақтар ұшқанда
Әнмен айтамын арманымды құст арға
Көздерімнен тамшы үзілер көрші ана
Балаларын бауырына қысқанда
Қайырмасы:
Еркең едім етегіне оралған
Желкен едім толқындарға жол алған
Ұл қызынның ортасында отырар
Өзің өзің жоқсын апа сол арман