Арулар мені аңсамаңыздар
Өмірім сына қашқанға
Жердің бетінде қаншама қыз бар
Көңілім бірақ аспанда
Көк аспанға мен күткем қарасып
Күн болып елестеп күлесің
Себебі онда бұлтпен таласып
Сен ұшып қонып жүресің
Стюардесса бойжеткен
Жүретін көк көйлекпен
Сенсің менің, сенсің менің
Жүрегімді сөйлеткен
Стюардесса бойжеткен
Жүретін көк көйлекпен
Сенсің менің, сенсің менің
Жүрегімді сөйлеткен
Жолдайын саған жан сырын хатпен
Жеткізсе оны құс әлем
Ұшқыш емеспін, әншімін әттең
Әйтпесе бірге ұшар ем
Байланып көкке қалды бұл жүрек
Сен мені ала кетпедің
Жүремін жерде саулығын тілеп
Сен ұшқан самолеттердің
Стюардесса бойжеткен
Жүретін көк көйлекпен
Сенсің менің, сенсің менің
Жүрегімді сөйлеткен
Стюардесса бойжеткен
Жүретін көк көйлекпен
Сенсің менің, сенсің менің
Жүрегімді сөйлеткен
Стюардесса бойжеткен
Жүретін көк көйлекпен
Сенсің менің, сенсің менің
Жүрегімді сөйлеткен
Стюардесса бойжеткен
Жүретін көк көйлекпен
Сенсің менің, сенсің менің
Жүрегімді сөйлеткен