Кездесуге келші десем,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Дейсің бе сен қай қала?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ең сұлу қыз кім десең сен,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Барып қара айнаға.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Анталия, Анкара емес,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Алматының бір бағы.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Күтем сізді, күтем сізді,
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Келіңізші жай ғана.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қалайын ба, қалмайын ба?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жүрегімді сыздатпа.
                                                                    
                                                                                                                                                
                                        
                                        
                                                                                                                                                                
                                                                            Барайын ба, бармайын ба?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Күтіп жүрген сол баққа.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жанып тұрып, жанбай қалған
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бәлкім жұлдыз шығарсыз.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қалың малың қанша десең
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қалың мал жоқ біз жақта.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайырмасы:
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жағалауын қарт Каспидің
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жалаң аяқ кешіп ең.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қуыршақты қолыңдағы
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әнге қосып өсіп ең.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Талай жігіт әнге қосқан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Еркелетіп есімін.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Музарт айтқан Фаридадан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Фариданың несі кем?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Музарт айтқан Фаридадан
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Фариданың несі кем?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Толқын соққан қарт каспидің
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жағалауы ұнай ма?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Солтүстікте теңіз жоқ деп
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сері жігіт мұңайма.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Теңіз жақта өскен қыздың
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Терең болар жүрегі.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жүрегімнің ең түбіне
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жету сізге оңай ма?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жүрегімнің ең түбіне
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жету сізге оңай ма?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Сәби күннен құлағыңда
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қалған үні гитараң.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Үйіңізде бар емес пе
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ұзын шашты ХИТ адам?
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Өнерге де өлеңге де
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Өзіңізді әкелген.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әкеңіздің әндерінен
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Көңіліме күй табам.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Жігітсіз-ау алған беттен
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайтпайтын бар намысы.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Ел білеті МузартЛайф
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қазақстан дауысы.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Шешесіне қарап тұрып
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қыз алушы еді бұл қазақ.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Әкемізді зерттеп жүрген
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Бұл жігіттің барысы.
                                                                    
                                                                                                                            
                                                                            Қайырмасы: