Ақ қайың жайқалғаным тербетіле
Жаным-ау мен тілейін сен де тіле
Мейірім жүрегіңнен табылар ма?
Махаббат болмаса егер жер бетінде
 
Қайырмасы:
Ғашықтар күні
Ақ жауындай төгілді ән
Ғашықтар күні екі жүрек соғылған
Ғашықтар күні, ғашықтар
Шын ғашықтар 
 
Махаббат бесігіне бөленермін
Келеді сұлулықты көре бергім
Өздері жоқ болса да қалды өмірде
Сезімі Қызжібек пен Төлегеннің
 
Қайырмасы:
Ғашықтар күні
Ақ жауындай төгілді ән
Ғашықтар күні екі жүрек соғылған
Ғашықтар күні, ғашықтар
Шын ғашықтар