Кеудемде тұрдың жұлдыздай жанып,
Шаттығым болып аңсаған.
Араға талай жылдарды салып,
Оралдым жаным мен саған.
Қайырмасы:
Алатау баурайын көп жүрдім аралап,
Жасқанбай жаңбырдан.
Ақсудың өзенін келемін жағалап,
Аққулар ұшады алдымнан.
Не дейін жаным, не дейін саған
Хабарың еркем жоқ мүлде.
Әлде сен жаным қайрылмай маған,
Аққу боп ұшып кеттің бе?
Қайырмасы: х2
Жеңешең менің Ақсуға келіп,
Су алып қайтып барады.
Көңілсіз тұрған кейпімді көріп,
Қиыла неге қарады?
Қайырмасы: х2
Ақсудың өзенін келемін жағалап,
Аққулар ұшады алдымнан.