Ғалымжан Жолдасбай
Текст

Беташар келінге өсиет

Ғалымжан Жолдасбай

Оцените песню: Голос вверх 63 Голос вниз 1

98%
2%
Озар болсын арғымақ бәйге атындай ойқастар
Қоңыраулы көксерге алға түсіп жол бастар
Осы менен халайық болды-ау деймін тойбастар
Рұқсат болса енді мен бет ашайын жолдастар
 
Келін келді көріңдер
Көрімдігін беріңдер
Келін көрем дегендер
Қане маған еріңдер
Той түнтегі ашылсын
Құрт бауырсақ шашылсын
Бір-бірінен мына жұрт
Көрімдігін асырсын
 
Қалықтасын жырғана, қызықтасын гүл дала
Жеті қырдан әрі асып жетсін алыс шыңдарға
Алдарыңа келіп тұр ақмаралдай бір бала-ай
Келінжаннан асатын көкте тұрған күн ғана
 
Сыр алдырмай көмейін
Сұңқылдап бір берейін
Көктемдегі өзендей
Көңіл жырын төгейін
Дауысыс әлсіз демейін
Ән мен жырға бөлейін
Түсіп тұрған келіннің
Бетін ашып берейін
 
Ақ бетіңді ескілеп бояй берме келіншек
Етегіңді-ау кескелеп тонай берме келіншек
Жуас-ау деп енеңді-ей жорғалатпа келіншек
Айналдырма енеңді қол балаға келіншек
 
Ерте тұрып түндік аш
Ерініп жатпа төсекте
Мезелсіз келген ұйқыңды
Өзіңе жақын дос етпе
Өзің жатып еріңе-ей
Тұрсайшы деп піш етпе
Баршаңызға айтайын
Өзегіңе өксетпе