Ғалымжан Жолдасбай
Текст

Ұлыма

Ғалымжан Жолдасбай

Оцените песню: Голос вверх 629 Голос вниз 30

95%
5%
Күй тартылсын, әсем әуен айтылсын
Анаң сенің жастық шағыңды еске алсын
Басқа тойды тойламасаң тойлама
Екі жастың бақыт тойы тойлансын
Басқа тойды тойламасаң тойлама
Екі жастың бақыт тойы тойлансын
 
Барыңды да нарыңды да сал соған
Ата-анаң осы тойды-ай аңсаған
Баласына бір той жасап бере алмай
Бұл өмірден өтіп кетті-ау қанша адам
Баласына бір той жасап бере алмай
Бұл өмірден өтіп кетті-ау қанша адам
 
Қыз дегенің қонақ қой ол қашанда
Төбесіне-ай алтын қойып бақсаңда
Шаңыраққа ие болып қалатын
Ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда
Шаңыраққа ие болып қалатын
Ұлдың аты ұл ғой шіркін қашанда
 
Асып тұрған, тасып тұрған шағыңда
Шығын шығып кете ме тарылмай
Шыққын шығын онын тауып оралар
Күлімдеген балаң тұрса-ай алдыңда
Шыққын шығын онын тауып оралар
Күлімдеген балаң тұрса-ай алдыңда
 
Басқа тойды тойламасаң тойлама
Екі жастың бақыт тойы тойлансын
Басқа тойды тойламасаң тойлама
Екі жастың бақыт тойы тойлансын
 
Екі жастың бақыт тойы тойлансын