Сен сүйем деген күндердің бəрі де жалған
Айналды күзге жаз үміт болған
Мен сүйем деген түндердің əніде арман
Сағыныш болып мəңгілік жазылып қалған
Сағындым демеші жоғалған бақтың елесі
Жаралаған мені мұң жебесі
Сағындым демеші күйреді сезім кемесі
Жүректі жұбатар күндер елесі
Таусылып жасың жанардан сызылтып төгер
Жаңа бір ғұмыр ертең бастарсың
Мен бір хат жазсам өзіңе үздігіп егер
Сен оны жаным оқи алмай өртеп тастарсың.